Ақмола облысында жыл ішінде 3 мың жас тұрақты жұмыспен қамтылды

ШЕТАУ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық және жастар мәслихаттарының жаңадан сайланған депутаттары  жоғары және арнаулы оқу орындарында білім алып шыққан жас мамандарды жұмысқа орналастыру, оларға мемлекеттік үстемақы төлеу, әлеуметтік түйткілдерін біржақты ету жайы «дөңгелек үстел» басында жан-жақты қарастырды,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Өзекті мәселелер сөз болған басқосуға «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының өкілдері, жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, жастар ұйымдарының жетекшілері мен ынталы ведомстволар басшылары қатысты.

 Бүгінде аймақта алты мың жұмыссыз тіркелсе, олардың 42 пайызы 24-ке дейінгі жастар.Облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік үйлестіру басқармасының деректеріне сәйкес жыл ішінде 3 мың жас  тұрақты жұмыспен қамтылса, бір мыңы уақытша жұмысқа тартылған. Жергілікті бюджет есебінен 600 жас маман жастар тәжірибесінен өтті. Ал республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көзімен  1500 жеткіншек жастар тәжірибесінен өтіп, 195-і жұмыспен қамтылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жас маманға әлеуметтік қолдау мақсатымен белгіленген 88,6 миллион теңге қаржының  төрттен бірі төленген.

 Кеңес қорытындысы бойынша жастарды жұмысқа орналастыру сынды маңызды мәселенің оң шешімін табуға бағытталған ұсыныс қабылданды.

Соңғы жаңалықтар