09:55, 04 Қазан 2010 | GMT +5
Ақмола облысындағы Сандықтау ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 33 маман жұмысқа кірісті
КӨКШЕТАУ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданында ағымдағы жылы жоғары және арнаулы оқу орындарын тамамдап келген 33 білікті маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа кірісіп кетті.
Аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қадырованың айтуынша, олардың барлығына дерлік бір реттік әлеуметтік көмек мақсатында үш миллион теңге қаржы бөлініп, бір маман жайлы пәтермен қамтамасыз етілді. Оның сыртында жеті жас маман қаржылай көмек алуға өтініш беріп, олардың 692 мың теңгеге деген сұранымы қарастырылуда. Ал төрт өтініштің тиісті анықтамалары дайындалуда. Сонымен бірге несиеге үй алуға үш өтініш қабылданып, арнайы комиссия қарауына табысталған.