Ақмола облысының 70 жылдығына арналған салтанатты жиын мерекелік іс- шаралармен жалғасты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік басқосуға еңбек және соғыс ардагерлері, өңірде есімі сый-құрметке ие абзал азаматтар, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Аймақтың мерейлі мерекеге тартуы, экономикалық өсіп- өркендеуі, әлеуметтік дамуы турасында облыс әкімі Альберт Рау жан-жақты әңгімелеп, алда тұрған келелі міндеттерге баса назар аударды. Өз кезегінде Ақмола облысының Көкшетауға бет алған көшін бастап келген, бүгінде Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жәнібек Кәрібжанов, сенатор Серік Аяғанов ыстық лебіздерін білдіріп, осынау атаулы күнмен өңір жұртшылығын құттықтады. Мерекелік жағдайда өңірдің бір топ еңбек ардагеріне, қоғам қараткерлеріне «Ақмола облысының құрметті азаматы» төсбелгісі мен арнайы куәліктері табысталды. Іс- шара республикамызда есімі белгілі және жергілікті өнер шеберлерінің ән кешіне ұласты.