18:17, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ақмола облысының әкімі баспасөз өкілдерімен өңірдің әлеуметтік дамуы турасында ойымен бөлісті
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысының әкімі Альберт Рау республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, алда тұрған келелі міндеттер, жаңа мақсаттар жайындағы ойымен бөлісті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының конференц залындағы кездесу кезінде сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның баспасөздегі көрінісі, ауыл шаруашылығын дамыту, Елорданың азық-түлік белдеуі, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және мәдениет саласының басым бағыттары қозғалды. Өз кезегінде баспасөз өкілдері ауыл шаруашылығы құрылымдарының айлап жалақы алмауы, аймақта футбол, хоккей, шаңғы спортының бүгінгі ахуалы және оны дамыту жолдары, ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығының келеңсіз жұмысы, әкімнің баспасөз қызметін жақсарту, жаңа жылды қарсу алу үрдістері жайындағы сауалдарына жауап алды.