Ақмола облысының әкімі қарттар күніне орай өз құттықтауын жолдады

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко жергілікті «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттері арқылы өңірдің қарияларын 1-ші қазан - Қарттар күнімен құттықтады.
None
None

Алдағы айда аймақта тұратын қариялар мен мүгедек жандар әлеуметтік қамқорлыққа алынатын болады. Бүгінде облыс көлемінде 96 мың зейнеткер, оның ішінде 650 Ұлы Отан соғысының майдангері, 13 744 тыл ардагері, 25,7 мың мүгедек жан өмір сүріп жатыр. Жасы келген жандарға қошемет көрсету ниетімен «Қамқорлық», «Біз - бір командамыз» акциялары қолға алынып, сан алуан қайырымдылық шаралары шешімін таппақ. Облыстық, аудандық, ауылдық спорт залдары мен мәдениет ошақтарында түрлі мерекелік кездесулер, концерттік бағдарламалар, спорттық сайыстар қарастырылған. Денсаулық мекемелерінде тегін дәрігерлік бақылау жүргізіліп, ем-дом жасалмақ. Шалғай ауыл тұрғындарын қамту мақсатымен жылжымалы бригадалар жұмысқа кіріседі. Түскі астар ұйымдастырылып, сый-сияпаттар жасалады. Алдағы қыс маусымына қажетті жемшөп, отын қорын жасау, көкөніс және жеміс-жидекпен қамтамасыз ету мәселесі өз шешімін табатын болады.

Соңғы жаңалықтар