Ақмола облысының әкімі көлік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин көлік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Құттықтау мәтінінде: «Құрметті көлік қызметкерлері сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке автомобиль, теміржол және авиация тасымалымен айналысатын жұмысшылар мен қызметкерлердің басын біріктіреді.

Көлік саласы әр кезде еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды сала болып табылады. Бұл саланың еліміздің, оның ішінде біздің облысымыздың дамуына тигізіп отырған ықпалы зор. Осындай маңызды салада еңбек ететін жандардың уақытпен санаспай күн демей, түн демей жұмыс істейтін кездері болады. Сіздердің өз жұмыстарыңызға адалдықтарыңыз бен кәсіби біліктіліктеріңіз, шеберліктеріңіздің нәтижесінде облысымыздың көлік саласы ырғақты және үзіліссіз жұмыс істеуде.

Көлік саласын қазіргі заманғы озық құралдармен жабдықтап, жұмыс сапасын арттыру жүк және жолаушы тасымалы көлемін еселеуге игі ықпалын тигізуде. Осыған орай, жүк және жолаушы тасымалы нарығында бәсекелестік те кең өріс алып отыр.

Сіздердің бүгінгі қол жеткен жетістіктеріңізді сақтап қана қоймай, алдағы уақытта бұдан да биік көрсеткіштерге қол жеткізе беретіндіктеріңізге, сөйтіп қарқынды дамып келе жатқан облысымыздың экономикасын көтеруге өздеріңіздің сүбелі үлестеріңізді қосатындықтарыңызға сенемін.

Бар өмірін осы саланы көркейтіп, өркендетуге жұмсаған аға ұрпақ өкілдеріне, еңбек ардагерлеріне де айтар алғысымыз мол. Бүгінгідей кәсіби жарқын мерекелеріңіздің тұсында баршаңызға барлық игі жақсылықтарды тілеймін және сіздер бастаған жақсы істердің тамаша жалғасын тауып келе жатқандығы көңілге сенім ұялататындығын атап өткім келеді.

Қадірлі, достар! Өз міндеттеріңізге адалдықтарыңыз, ортақ іске жауапкершілікпен қарайтын табандылықтарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, еңбектеріңіз әрдайым жана берсін, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке-бақыт тілеймін!» деп көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар