Ақмола облысының әкімі Мәскеу мен Астанада Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған шеруге қатысушыларды қабылдады

ӨКШЕТАУ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко 9 мамырда Мәскеу мен Астанада Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай өткізілетін салтанатты шеруге қатысушыларды қабылдап, оларға сый-құрмет көрсетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірде 698 Ұлы Отан соғысы жауынгері мен 15 мыңға тарта тыл ардагері тұрып жатыр. Алдағы меркеге орай Батыр қала Мәскеудегі шеруге қатысуға 1-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің, Берлинді, Варшаваны, Германияны азат еткендігі үшін медальдерінің иегері, көкшетаулық Балташ Сейітов пен ақкөлдік қарт жауынгер, Ш-ші дәрежелі Жауынгерлік Даңқ және П-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, Жуков атындағы, басқа да медальдармен марапатталған Николай Гугучкин жолға шығатын болады. Астанадағы шеруге он майдангер қатыспақ. Ал көкшетаулық Асылбек Дәулетов Украина Қорғаныс министрлігінің шақыруымен Жеңіс күнін Киевте қарсы алады. Өңір басшысы қарт жауынгерлердің әрқайсысына Жеңістің 65 жылдық меркелік медальдерін, бағалы сыйлықтар тапсырды. Оның сыртында 96 қарт жауынгер майдан болған жерлерге баруға тілек білдірсе, оның 77-сі ТМД елдеріне сапар шекпек. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 13,7 миллион теңге қаржы қарастырылған. Жалпы соғыс және тыл ардагерлерінің әлеуметтік қажеттіліктеріне облыстық бюджеттен 215 миллион теңге бөлінген. Жауынгерлер өз кезегінде Елбасының көрсетіп отырған қамқорлығына алғыстарын білдіріп, Жеңістің Туын жоғары асқақтату әрқайсысының азаматтық борышы екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар