Ақмола облысының экономикасына жыл ішінде 55 миллион теңге инвестиция тартылды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысының экономикасына ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айында 55 миллион теңге инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.
None
None

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың артуы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 ауданда және Степногор қаласында байқалады. Бұл ретте жұмсалымдар өсуі Қорғалжын ауданында 155 есеге, Егіндікөлде-6,7 есеге, Жақсыда-3,4 есеге, Еңбекшілдерде-2,5 есеге, ал Степногор қаласында 4,6 есеге жеткен. Инвестициялардың өз қаражаттар есебінен Көкшетау қаласында сұрыптау цехы, аумағы 561 шаршы метр қойма, Астрахан ауданында автомобильдерге жанар-жағар май және газ құю стансасы, Бурабай ауданында 605 шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Жақсы ауданында қалдықтарды іске жарату полигондары , Целиноград ауданында жылдық қуаты 34 мың текше метр кірпіш зауыты іске қосылды. Жыл ішінде тартылған инвестициялардың 49 пайызы үйлер мен ғимараттардың құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарына, 46 пайызы машиналар, жабдықтар, мұқамалар сатып алу мақсатына, 5 пайызы өзге де жұмыстарға жаратылған.

Соңғы жаңалықтар