19:38, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
Ақмола облысының Гранитный кентіндегі колонияда жағдай тұрақталды - ҚАЖ Комитеті
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - ЕУ 166/25 мекемесінде орын алған оқиғалар бойынша жұмыс тобы құрылды.

Қазіргі кезде бұл мекемедегі жағдай тұрақталды, деп хабарлады ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Болған оқиғаларға байланысты қылмыстық іс қозғалды және тергеу шаралары жүргізілуде, сотталғандармен кездестіру және телефонмен сөйлестіру қылмыстық қудалау органдарының құзырына жатады.
ЕЦ 166/25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туыстары мен жақындары қажетті ақпараттар алу үшін мына мекен-жайға хабарласуына болады: Ақмола облысы, Зеренді ауданы Гранитный кенті (Көкшетаудан 25 шақырым жерде).
Байланыс телефондары: мекеме 8(7162) 33-45-26, ҚАЖК департаменті 8 (7162) 78-11-04.