Ақмола облысының соттарында жаңа тағайындаулар болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысын өткізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын таныстырды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқа төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 119 Жарлығымен Ақмола облысы бойынша Жазит Бекзат Атбасар аудандық соты судьясы қызметінен босатыла отырып Егіндікөл аудандық сотына төраға қызметіне, Тұрғамбаев Төлеген Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Целиноград аудандық сотына төраға қызметіне, Қалиасқарова Салтанат Павлодар облысы Железин аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Бурабай аудандық сотына төраға қызметіне, Жұматаев Ерқанат Павлодар облысының Павлодар қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына судья қызметіне тағайындалды.

Аталған Жарлық бойынша құрмет отставкасына кетуіне байланысты Ақмола облыстық сотының судьялары Сақтағанова Сәуле және Сыздықова Ғайша, Егіндікөл аудандық сотының төрағасы Әменов Сағынай, Целиноград аудандық сотының төрағасы Молдагелдин Марат, Аршалы аудандық сотының судьясы Әміров Мұрат атқаратын қызметінен босатылды.

Облыстық сот төрағасы судьяларды құрмет отставкасына шығарып сала отырып, сот жүйесінде ұзақ мерзім мен жемісті еңбегіне алғысын білдіріп, мықты денсаулық пен отставкада да белсенді өмір мен табыс тіледі. Жаңа тағайындалған төрағалар мен судьяларға жұмыстарына табыс тілеп, сот төрелігін атқаруда жақсы нәтижелерге жетуіне тілек білдірді.

Соңғы жаңалықтар