02:17, 29 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Ақмола облысының тұрғыны әкімдіктің жанында өсіп тұрған сібір шыршасын ұрлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың аудандық соты жергілікті әйел адамға қатысты ҚР ҚК 1-бөлімі 187-бабы бойынша қылмыстық істі қарады.
Бұл бап ұрлыққа, алаяқтыққа, бөтеннің мүлкін иемденуге және талан-таражға салуға қатысты жеңіл қылмыстарды қарастырады.
Сот әйел адам қалалық әкімдік жанындва өсіп тұрған сібір шыршасы көшеттерін ұрлағанын анықтады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Соттың қаулысымен қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды және әйел адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 1-бөлімі 68-бабы негізінде, яғни тараптардың татуласуымен және келтірілген шығынның орны толтырылуымен жауапкершіліктен босатылды.