Ақмола өңірінде табылған балбал тас рұқсатсыз қазылынып алынып, елордадаға қазіргі заманғы өнер мұражайына жөнелтілген

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ақмола облысының Ерейментау ауданына қарасты Қарағайлы ауылында табылған балбал тас рұқсатсыз қазылынып алынып, Астанадағы қазіргі заманғы өнер мұражайына жөнелтілген. Бұл жайында бүгін партияның орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында ресми өкіл Оксана Петерс мәлім  етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жайтқа орай «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану жөніндегі» Ақмола мемлекеттік мекемесінің басшысы Талғат Ыбраевтың дер кезінде дабыл қағуының арқасында және «Нұр Отан» партиясының тікелей араласуымен тарихи ескерткіш қайтарылып, өткен сенбіде орнына қойылды. Осыған орай алдағы уақытта да мұндай олқылықтарға жол бермеу, құнды жәдігерлерді қорғау мақсатында  партия мүмкіндігінше барлық шараларды қолға алады», деді О.Питерс.

Өз кезегінде сөз алған Т.Ыбыраев аталған тарихи мұраны Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкерлері тауып, оның арнайы төлқұжатын дайындағандығын атап өтті. Оның айтуынша, келесі жылы орнына қойылған тарихи жәдігердің бүлінген жерлерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.

Соңғы жаңалықтар