10:39, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
«Ақмола жұлдыздары» дәстүрлі халық шыармашылығы байқауы Жеңістің 65 жылдығына арналады
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған «Ақмола жұлдыздары» атты халық шығармашылығы байқауы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соған орай «Соғыс өрті шарпыған жырлар» атты әскери-патриоттық өлеңдер мүшәйрасын, соғыс жылдарындағы сазгерлердің әндерін насихаттайтын «Әкелеріміздің жастық әуендері» орындаушылар байқауын өткізу көзделіп отыр. Алғашқылардың бірі болып өнер сайысында Астрахан, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын аудандарының өнерпаздары сынға түсті.
Жүзден жүйрік шыққан аймақ өнер шеберлерінің Гала-концерті мамырдың 8-не белгіленген.