20:58, 24 Шілде 2019 | GMT +5
Ақмолада ескірткі саудалаған 46 жастағы әйел ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы аумағында жүргізілген жедел алдын алу шарасы барысында 1,5 келі есірткі затын «гашиш» саудалаған Степногорск қаласының тұрғыны, 46 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 52 қағаз орама табылып, сараптамаға жіберілді», деді ведомство өкілдері.
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 297 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жалпы, жыл басынан бері тәртіп сақшылары Ақмола облысы бойынша 84 қылмыстық құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 76 есірткі саудасына, 4-уі ірі көлемде есірткі сақтауға қатысты. Бұдан бөлек, 3 нашақорлардың ұяшығы жабылды.
Сонымен қатар, заңсыз айналымда жүрген 49 келі есірткі заты тәркіленді.