Ақмоладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жаңа басшы келді
Қуаныш Базарұлы1971 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Саралжин кентінде дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер.
1989-2004 жылдар аралығында ішкі істер органдарының жедел-іздестіру құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін қаржы полициясы органдарында басшылық қызметтерді атқарды.
2009-2012 жылдары Қостанай облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі департаменті басшысының орынбасары болды.
2012-2014 жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында түрлі жауапты қызметтерде болды.
Осы уақытқа дейін Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары қызметін атқарды.