Ақмолалық балалар Елбасының жаңажылдық құттықтауын телеарна арқылы көріп, тыңдады

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысы аумағындағы аз қамтылған отбасылар, асыраушысы жоқ, мектеп-интернат тәрбиеленушілері мен мүгедек балғындар тікелей арна арқылы Елбасының  жаңажылдық құттықтауын тыңдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңажылдық шыршаға 150 жеткіншек жиналған. Әрқайсысы ертігілер кейіпкерлері кейпіндегі киімдер киіп, қызық-қуанышты думандатуда. Елбасының құттықтауынан кейін еңселі Жаңа жыл шыршасының оттары  жағылып, балғындар мерекесі басталып кетті. Аймақтың әр түкпірінен келген жеткіншектерге облыс әкімі Альберт Рау тарту-таралғыларын ұсынды. Бұл жолы оларға мектепке қажетті  керек-жарақтар, қысқы жылы киім, спорт костюмдері, тәтті сыйлықтар табысталды. Кездесу қарсаңында балғындар «Бурабай» қысқы спорт сарайында, Абылай хан алаңында, мұз қалашығында болып, серуен құрды. Балғындар үшін  дастархан жайылып, ән мен биден шашу шашылды. Бүлдіршіндер де қарап қалмай, өз  өнерлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар