Ақмолалық кеденшілер қарттарға құрмет көрсетті

КӨКШЕТАУ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша кедендік бақылау басқармасының ұжымы кезінде өздерімен еңбектес болған қарттарды қамқорлықтарына алып, сый-құрмет көрсетті.
None
None

Басқарма баспасөз қызметінің өкілі Нұрлан Ысқақовтың айтуынша, Қарттар мен мүгедектерге қамқорлық айлығы аясында 12 Ұлы Отан соғысының майдангері мен тыл ардагеріне арнайы сый-сияпаттар табыстаған. Олардың тұрмыстық тауқыметін жеңілдету мақсатында қысқы отын, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үй -жайларын жөндеуге қолқабыс тигізген. Өз кезегінде, егде жандар атынан Михаил Николаев, Әпизә Құсайынова, Вера Ломова, Қабиболла Мұқановтар көрсеткен құрметтеріне ризалық сезімдерін білдіріп, естеліктерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар