Ақмолалық пішеншілер 1541,1 мың тонна шөп дайындады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық пішеншілер 1541,1 мың тонна шөп дайындады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанмен хабарласқанында белгілі болды.
None
None

Оның айтуынша, бұл қолда бар мал үшін қажетті бір жарым жылдық жемшөп қорының 96,3 пайызы. «Биыл өңірде 1600,6 мың тонна, яғни бір жарым жылдық шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 1541,1 мың тонна шөп дайындалып, маяларға салынды. Әзірге жоспарланған жемшөп қорының 100 пайызын дайындап үлгерген Ерейментау, Ақкөл, Шортанды, Жарқайың және Есіл аудандарының пішеншілері науқанды алғашқы болып аяқтады», - дейді Мұрат Балпан.

Соңғы жаңалықтар