Ақмолалық полицейлер тұрғындардан 794 дана қару сатып алды

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Полицейлердің мәліметі бойынша жыл басынан бері тұрғындардан барлығы 794 дана қару алынған. Оның ішінде 243-і ұңғымасыз-травматикалық, 551-і газды-травматикалық қарулар. Арнайы комиссияның шешімі бойынша аталған қарулар үшін төленетін қаражат көлемі 26 миллион 190 мың 598 теңгеге болып анықталды. Ақмола облыстық ІІД ӘПБ өз еркімен тапсырылған суық қарудың түріне байланысты ақшалай сыйақы берілетін ескертеді. Қаруды қабылдау және тіркеу шарасы азаматтардың қалалық, аудандық ішкі істер органдарына жолдаған жазбаша өтініші негізінде қабылданады. Еске сала кетсек, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңсыз қару сатып алған, сақтаған және тасымалдаған азаматтар жауапкершлікке тартылатын болады.