Ақмолалық жол полицейлері 12 адамды суықтан аман алып қалды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық жол полициясының қызметкерлері Екатеринбург-Алматы бағытындағы күре жол бойында жолда қалған 12 жолаушыны суықтан аман алып қалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қақаған сарышұнақ аязда жолға шыққан қарағандылық «ИЗЕФАН» көлігінің жанармайы қатып қалып, түнгі сағат бірде жолда қалады. Екі сағат бойы 8 қырғыз азаматы қимылдап, қозғалып жан сақтаған. Жайсыз хабар жеткен жол тәртіп сақшылары суық құрсауында қалған жолаушыларға қолұшын беріп, жылы орынға жеткізген. Сол түні «ИЗБАН» жеңіл көлігімен сапарға шыққан 8 жолаушыға, таңғы бесте «Мерседес» автобусына да осындай қызмет көрсетуге тура келген. Барлығында  жанар жағар майлары қатып, көліктері жолда қалған.

 Аймақ жол полицейлері бұған дейін  жолда қалған үш көлік жолаушыларын аман алып қалып, техникаларын жөндесіп, сапарларын жалғастыруға жәрдемдескен болатын.

Соңғы жаңалықтар