Ақмолалық жол полицейлері 7 айлық сәби мен 8 жолаушыны суықтан аман алып қалды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін ақмолалық жол полицейлері Ташкент-Кострома бағытында сапарға шыққан 8 жолаушы мен жеті айлық сәбиді суықтан аман алып қалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңғы 4 сағат 30 минутта Астана-Бурабай автобаны бойында Ақкөл қаласына жете берісте Өзбекстаннан Ресей бағытына шыққан Газель көлігінің жылыту жүйесі қатып, жолаушылар жолда қалған. Суыт хабарды алған жеке батальонның тәртіп сақшылары старшина Самат Зылгарин мен сержант Елдос Кәрібаев адамдарды дереу «Гелиус» жанар-жағармай стансысына жеткізіп, жылы орынға орналастырған. Көлікке техникалық қызмет көрсетуге жәрдемдесіп, айналасы үш-төрт сағат ішінде өзбек азаматтарының сапарларын жалғастыруына мүмкіндік жасап, алғысқа бөленді. Бұл қыстың алғашқы аязында жол үстінде тіркелген үшінші тосын жағдай. Бұған дейін осы батальонның өкілдері Айдын Байқанов пен Нұрлан Ысқақовтар Астана-Петропавл  күре жолы бойында істен шыққан қарағандылық МАН жүк көлігіне қол ұшын берсе, осы бағыттағы Газель көлігімен жолға шыққан 6 адам суықтан аман қалды. Газельдің электр жабдығы істен шығып, жол полицейлері жөндеуге көмек көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар