Ақордада Елбасы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдайды

СТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдайды.
None
None

БҰҰ басшысы кеше Шығыс Қазақстан облысында болды. Сапар барысында қадірлі қонаққа ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев және облыс әкімі Бердібек Сапарбаев еріп жүрді. Пан Ги Мун Курчатов қаласындағы Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында, сондай-ақ «Токамак» термоядролық материалтану реакторында болды.

Пан Ги Мун сондай-ақ, Семей сынақ полигонының Тарих мұражайында болып жәдігерлермен танысты және естелік кітапшасына «Мен Қазақстан басшылығының үлгісін жоғары бағалаймын. Ядролық полигондағы жұмысты тоқтатып және ядролық қару-жарақтан бас тартып, сіздер әлем елдеріне үлгі болып отырсыздар. Келешекте ядролық жарылыстар болмайды деп үміттенейік. Ядролық қарудан азат әлем құру жолында бірлесіп еңбек етейік» деген жазба қалдырды.

«Тәжірибе даласы» алаңында БҰҰ Бас хатшысы, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бейбіт бастамаларын толық қолдайтынын ресми мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар