Ақсай индустриялық паркі мұнай-газ секторындағы технологиялық сервистік жобалардың алғашқысы болады - Ә. Исекешев

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев «Castle Oil and Gas Fields Services» компанияның өкілдерімен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай индустриялық паркінің құрылысы бойынша инновациялық жобаны іске асыру мәселесі талқыланды. Бұл туралы ИЖТМ-нің ақпараттар  басқармасы хабарлайды.  

Министр атап өткендей, Ақсай индустриялық паркі - мұнай-газ секторында технологиялық бағдарлама аясында іске асып жатқан Қазақстандағы технологиялық сервистік жобалардың алғашқысы болып табылады. Ол, сондай-ақ, басқарудың автоматтандырылған жүйесін, блокты-модульдік құрылғыларды, телекоммуникация жүйелерін, дәнекерлеу бойынша жаңа технологиялар орталығын құрып, сонымен қатар, халықаралық стандарттар бойынша дәнеркерлеу жұмысын оқытуды іске асыратын болады. 

Министрмен өткен кездесудің қорытындысы бойынша Castle Oil and Gas Fields Services ЖШС мен «Ұлттық инновациялық қор» АҚ арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық бойынша тапсырмаларының бірі ретінде «ҰИҚ» АҚ-ның индустриялық парктің капиталына атсалысуын атап айтуға болады. Және де аталмыш қор мүкіндігінше Ақсай индустриялық паркінің аумағында орналасқан компанияларға қолдау көрсетеді деп күтілуде.  

Соңғы жаңалықтар