11:25, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Ақсай қаласында жеті қабатты жаңа үй пайдалануға берілді
ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақсай қаласында жеті қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бөрлі ауданының әкімі Болат Шәкімовтің айтуынша, нысанға 230 млн. астам теңге бөлінді. Құрылысты «Жайықсельстрой» ЖШС (бас директоры Ерденбек Рахметов) сапалы атқарып шықты.
Жаңа үйдің пәтерлері әлдеқайда кең. Одан үш соғыс ардагеріне пәтер берілсе, соның ішінде Ян Землянов 101-ге аяқ басты. Сондай-ақ аз қамтылған отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері баспаналы болды. Жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтерге көшкендердің қуанышында шек жоқ.
Алдағы жылы тағы бір осындай үй салынатын болады.