АҚШ елшілігінің өкілдері Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар белсенділерімен кездесті

Кездесуді Қазақстандағы АҚШ елшілігінің саяси бөлімінің бірінші хатшысы Коллин Алтсток өткізді. Ол ОҚО ҮЕҰ қызметімен таныса келе, қоғамдық ұйымдардың белсенділігінің жоғары деңгейде екендігін, сонымен қатар олардың жергілікті билік пен бизнес өкілдерімен жақсы байланыстарды орнатып отырғанын атап өтті. «АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды түрлі елдердегі әйелдер мен балалардың өмірі қызықтырады. Бұл біз үшін аса маңызды тақырыптардың бірі. Сонымен қатар біз салауатты бизнестік ахуалдың дамуының маңызына да баса назар аударамыз. Бұл проблемалармен сіздер тікелей айналысасыздар», - деді Коллин Алтсток. Оған сонымен қатар, түрлі ҮЕҰ, бизнес құрылымдар мен билік органдарының Азаматтық Альянс құрамына кіріп, бірлескен жұмыстарын үйлестіріп отыру мүмкіндіктеріне ие болуы ұнады. «Бұл тәжірибе өзге мемлекеттерде де жоғары сұранысқа ие болуы мүмкін», - деді К.Алтсток.
Өз кезегінде, Азаматтық Альянстың президенті Клара Әліпова бұл секілді кездесулердің екі жаққа да пайдалы екендігін атап өтті. «Біз тәжірибе алмасуға тәуелдіміз. Бұлай деуге біз ұялмаймыз, біз көп нәрсеге қол жеткіздік, алға жоспарларымыз да баршылық. Мені қызықтыратыны - қандай жолдар барлығы» - деді ол. Коллин Алтсток оңтүстікқазақстандық ҮЕҰ өкілдеріне бірлесе жұмыс атқару үшін АҚШ-тың үздік ҮЕҰ-мен, бейіндік департаменттері, бөлімдері және басқармаларымен байланыстар орнатуға кеңес берді.