19:20, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
АҚШ елшілігінің өкілі Қаржы полициясы академиясының ұжымымен кездесті
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қаржы полициясы академиясының оқытушылары мен тыңдаушылары АҚШ Елшілігі есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес бөлімінің бастығы Великоньа Маркомен кездесті. Бұл туралы аталған академияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында академияның оқытушы-профессорлық құрамы мен тыңдаушылары тарапынан түскен сауалдарға АҚШ Елшілігінің өкілі тұшымды жауап берді. Сонымен қатар таяуда АҚШ-та тәжірибе алмасу мақсатында болып қайтқан ҚР Экономикалық қылмысқа және жыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бөлім бастығы Мая Базгенова мұхиттың арғы бетіндегі алып мемлекеттен түйіп қайтқан ой-пікірімен бөлісті.
Білім ошағына арнайы ат басын бұрған құрметті қонаққа академия басшысы, қаржы полициясының полковнигі Марат Башимов өз тарапынан және ұжым атынан алғысын білдірді.