АҚШ Елшісі: Жаңаратын энергия көздерін дамыту мәселесінде әлемдегі ең өршіл саясаткер - Н.Назарбаев

«Болашақ энергиясы: Жаһандық трендтер мен технологиялар» сессиясында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джордж Крол айтты.
Ол өз сөзінде қазіргі уақытта көптеген елдер ғаламшардың жалпы болашағын айқындау үшін жасыл экономикаға бейімделу бағытында жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.
«Бірқатар басымдыққа ие арзан энергия көздері оңтайлы шешім емес екендігін түсінуге ондаған жылдар кетеді. Біз қазіргі уақытта жаңаратын энергия көздері барынша маңызды екендігін түсініп келеміз. Жаңа жаңаратын энергия көздерін іздеудеміз. Бүкіл әлемде бұл бағыттағы ең өршіл саясаткер - ол Президент Нұрсұлтан Назарбаев», - деді Елші.
Сонымен қатар Джорд Крол Қазақстан қазба энергия көздеріне бай болғанына қарамастан Н.Назарбаевтың оларды жаңаратын энергия көздеріне алмастыру мақсатын қойып отырғандығын баса айтты. Оның пайымынша, дәл осы жайт Қазақстанның бұл бағыттағы Орталық Азияның көшбасшысы болуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Елші АҚШ-тағы жаңаратын энергия көздерін дамыту жайында айта келе өз елінде таяу онжылдықта көміртек көздерін тұтынуды пайдалану соңғы 20 жылдағы көрсеткіштерден жоғары болатындығын атап өтті.
«Жел энергиясын өндіруді үш есе арттырып, ластану деңгейін төмендетуге тырысамыз. Әлемнің басқа елдеріне қарағанда бұл АҚШ-та қарқынды жүргізілуде.
Парникті газдар шығарындысы туралы айтар болсақ, бізде Мексикамен, Канадамен ортақ бастама бар. Оған сәйкес, бұл энергия көздерін өндіру қысқартылатын болады», - деді Елші.