17:14, 29 Қазан 2009 | GMT +5
АҚШ өкілі Мәжіліс депутатымен жүздеседі
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, қазанның 30-ы күні Қазақстан Парламенті Мәжілісіне АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Джордж Крол мырза келеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Америкалық мейманмен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссиясының төрағасы Сағынбек Тұрсынов кездеседі деп күтілуде.