АҚШ пен Қазақстан ядролық материалдардың заңсыз қозғалысының алдын алудағы ынтымақтастықты тереңдетуде

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің хабарлауынша, «бұл ядролық материалдардың заңсыз қозғалысына жол бермеу жөніндегі қос агенттіктің ынтымақтастығындағы асулы кезең». Жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың таралуына қарсы күресудің бұл қадамы Қазақстан мен Құрама Штаттардың арасындағы дамып келе жатқан берік серіктестіктің тағы бір мысалы.
АҚШ-тың Энергетика министрлігі мен Қазақстанның Қаржы министрлігі ядролық материалдардың заңсыз қозғалысының алдын алу саласында 2006 жылдан бері ынтымақтасып келеді. Екіжақты серіктестіктің аясында американ тарабы ядролық және радиактивті материалдардың заңсыз қозғалысының жолын кесу жөніндегі Кедендік бақылау комитетінің мүмкіндіктерін әрі қарай нығайтуға көмектесіп келеді.