АҚШ-та алаяқ келіншек бренд сөмкелерді сатудан 1 млн доллар тапқан

Бірнеше жылдан бері Прэпич Сматсорабуд онлайн дүкеннен белгілі дизайнерлердің - Gucci, Burberry, Fendi секілді құны 2 000 доллардан жоғары сөмкелерін сатып алып жүрген. Ол елдегі үлкен универмаг сайттарында сауда жасаған. Алайда біраз уақыттан кейін тауарға көңілі толмаған кейіп білдіріп оны қайтарып отырған. Алайда Сматсорабуд қайтарған сөмкелер дизайнер қолынан шыққан бұйым емес, Қытайда жасалған арзанқол түрі болатын. Осылайша келіншек 12 штатта сатушыларды сан соқтырып кеткен. Ақшасын қайтарып, орнына жалған Gucci өткізген келіншек дизайнерлік бұйымды өзінің инстаграм парақшасында немесе ebay бәссауда желісінде сатып жіберетін болған.
Осылайша алаяқтықпен сөмкелерді өткізуден ғана келіншек 1 млн доллардан астам ақша тапқан. Ал сөмкелерді сатудан тапқан табысы әзірге белгісіз.
Келінешектің үйін тінту кезінде 572 сөммке табылған, оның көбі Қытайда жасалғандығы анықталды.
Алаяқтық үшін жауапқа тартылған келіншекке 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.