АҚШ-та атеизмге ескерткіш қойылды

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та атеизмнің тұңғыш ескерткіші пайда болды. Монумент Флорида штатының Старке қаласында орнатылды. Бұл туралы РБК хабарлайды.
None
None

Ескерткіш салмағы тұғырды қосып есептегенде 680 килограмды құрайды.

Айта кету керек, атеистер тобы монуметті інжілдің өсиеттері қашалып жазылған сот ғимаратының гранитті плитасының жанына орнатқан. Ескерткіштің ашылу салтанатына 200-ге жуық адам қатысты. Жиналғандардың көпшілігі атеистер болды, сонымен қатар мерекелік кешке олардың қарсыластары да келді. Олардың көпшілігінің киімдерінде «Янки, үйлеріңе қайтыңдар» деген жазулар жазылған.

Соңғы жаңалықтар