АҚШ-та Лаура Тағашеваға көмектесуге арналған қайырымдылық шарасы өтті

ВАШИНГТОН.  Қазанның  27-сі. ҚазАқпарат -   Вашингтонда    қазақстандық диаспора    үшін  «Қазақстандықтар күні» деген   жалпы атаумен ұйымдастырылған      достық қабылдау  шарасы аясында     Қазақстан азаматшасы Лаура Тағашеваға  көмектесуге    арналған  қайырымдылық    шарасы   өтті, 
None
None

  деп хабарлады  Қазақстанның   АҚШ-тағы  Елшілігінің  баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат   бұдан   бұрын хабарлағандай,   АҚШ-та Қазақстаннан  асырап алынған     балаларға аудармашы  болып   жұмыс істеген 28 жастағы Лаура  2007 жылы тамыздың  4-інде  белгісіз қылмыскердің  құрбаны  болып мүгедек  болып қалған еді.     Мойны  сынып,  төсекке  таңылған  Лаураға    қымбат    ем қажет.    Оған қоса, Лаураның асырауында  екі жасар     қызы,   3 жасар  сіңлісі   және анасы  бар.

Сондай-ақ   қабылдау  шарасы аясында «Карнеги» институтында Шәкен  Аймановтың «Атамекен»  фильмінің  көрсетілімі (Қазақфильм, 1966 ж.) ұйымдастырылды.

Фильмнен кейін   Елшілік  ғимаратында  фуршет  ұйымдастырылды,      Джордж Вашингтон   университетінде  ресми тіркелген     Қазақстандық студенттердің  қауымдастығының    белсенділері     қазақтың  халық әндерін  орындады.

Жиналған  қауымның  алдында сөз сөйлеген   Елші Ерлан   Ыдырысов,  диаспора  өкілдерін,  отандастарын    тығыз қарым-қатынасқа  шақырды.    Қазанның 23-інде өткен қабылдау мен   қайырымдылық шарасын   Қазақстан  Елшілігі   Қазақ-Американ  қауымдастығымен бірлесіп  ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар