10:11, 01 Маусым 2009 | GMT +5
АҚШ-тың Бейбітшілік Корпусының еріктілері Алға ауданында тіл лагерін ашады
АҚТӨБЕ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Бүгін, Балаларды қорғау күні Ақтөбе облысының Алға аудандық орталығында осымен екінші жыл қатарынан «Friendship Bridge» («Достық көпірі») аудандық тіл лагері ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ағылшын тілін үйрену лагері алғаш рет былтыр осынау ұйымның еріктісі Эмико Грейс Гуте мен куратор Роман Күзембаевтың ұйымдастыруымен және Алға аудандық білім бөлімінің және Эмико мен Роман ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс істейтін №3 мектептің әкімшілігінің қолдауымен жұмыс істей бастаған еді. Алғалық оқушыларды оқытуға Қазақстанның түрлі облыстарында жұмыс істейтін Бейбітшілік Корпусының 10 еріктісі келіп отыр. Лагерьге екі аптаға аудан мектептерінің 5-7-ші сыныптарының 100 қабілетті оқушысы және ағылшын тілінің 10 оқытушысы жиналады. Жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды ? еріктілер өз есептерінен келеді, ал Бейбітшілік Корпусы кеңсе тауарларын сатып алуға көмектеседі, ал АҚШ-тан спорттық жабдықтар жеткізілген. Жергілікті өкімет пен кәсіпкерлер еріктілердің тұрақ-жайын және тамағын ұйымдастырып, сондай-ақ ауылдық жерлерден келетін оқушылар мен мұғалімдерді жайғастырып отыр.