АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі ҚР Ішкі істер министрлігіне 21 көлік сыйға тартты

АНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілігі ҚР Ішкі істер министрлігіне 21 көлік сыйға тартты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жалпы сомасы 279 326 АҚШ доллары тұратын көлік құралдары ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес органының аймақтық бөлімшелеріне тапсырылатын болады.

Бүгін көлікті тапсыру рәсімінде АҚШ Елшісі Ричард Хоугланд АҚШ-тың басымдықты саясаттарының бірі есірткі трафигіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық екендігін атап өтті.

«Есірткі проблемасы әлемдегі бүкіл мемлекетті толғандырып отыр. Сондықтан бұл проблеманы тек бірлескен күштің арқасында ғана күресуге болады. Есірткі - біздің халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін үлкен қауіп-қатер туғызуда. Есірткі қылмыскерлерге жоғары табыс әкеліп, лаңкестікті қаржыландыруға септігін тигізіп жатыр», дейді ол.

Он жеті «Газель» автокөліктері Қазақстанның 14 облыстарындағы және Алматы мен Астана қалаларындағы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларына үлестірілмек. Төрт жол талғамайтын «Нива» көлігі Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының басқармаларына беріледі. 

«Жамбыл облысының полицейлері Шу алқабындағы қарасора  бизнесіне қарсы күресіп жүргендерін білеміз. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ауғанстаннан келетін есірткіге тосқауыл қояды. АҚШ үкіметі есірткіге қарсы күрес ісіндегі қызметтермен бұдан әрі қарым-қатынасын күшейтуге мүдделі», дейді Р. Хоугланд.

Соңғы жаңалықтар