АҚШ-тың Смитсон мұражайының кураторы Сырымбетте және Көкшетауда болады

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Вашингтондағы Смитсон мұражайының Азия мәдениеті бөлімінің директоры доктор Пол Тэйлор мен фотограф Уильям Смит зерттеу жұмыстарын жүргізу және мұражай қызметкерлерімен семинарлар өткізу мақсатында Қазақстанда сапармен жүр.
None
None

Бұл туралы АҚШ Елшілігінің бұқаралық байланыстар жөніндегі бөлімінен хабарлады.

Смитсон мұражайының өкілдері Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайымен бірлесіп, қазақстандық ұлы этнограф Шоқан Уәлихановқа арналған виртуальдық көрме әзірлеуде.

Доктор Тэйлор мен Смит мырза 2010 жылы сәуір-желтоқсан айларының аралығында Вашингтонда виртуальдық көрме өткізу үшін материалдар жинау мақсатында сәуірдің 1-інде Сырымбетке - Шоқанның өмірімен және қызметімен байланысты мекенге барады.

Американдық қонақтар ертең, сәуірдің 2-сінде Көкшетаудағы М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында мұражай қызметкерлері үшін семинар өткізіп, АҚШ мұражайларында қолданылатын заманауи әдістер мен жаңа технологиялар туралы баяндап береді.

Соңғы жаңалықтар