АҚШ-тың «Stemedica» компаниясы Астана ҰҒМО өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға ниетті - Дэвид Хоу

Бұл туралы бүгін Астанадағы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми медициналық орталығында «Ғаламдық көшбашылыққа жету» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыру мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында «Stemedica» компаниясы (АҚШ) президенті Дэвид Хоу мәлім етті.
«Бізде серіктестікті таңдауға біршама мүмкіндіктер болды. Астананы таңдауымызға екі себеп басымдық берді. Оның бірі А. Байгенжин командасындағы білікті мамандар шоғыры. Орталықта жүзеге асқан тәжірибелердің өзі жасуша технологияларын пайдаланудың әлемдік деңгеймен сасылтырғанда анағұрлым алға кеткенін байқатады. Бұл көптеген халықаралық конференциялар барысында айтылды », - дейді Дэвид Хоу.
Оның айтуынша, «Стемедика Селл Техн., Инк» америкалық био-фармацевтикалық компаниясы Астананың Ұлттық ғылыми медициналық орталығымен одан әрі іргелі және сынақтық зерттеулерді жалғастыруға мүдделілік танытады.
«Клиникалық зертеулердің келесі кезеңі 5 елдің таңдау арқылы жүзеге асады. Бұл ретте Астананың ҰҒМО басты зерттеу орталығы болып белгіленеді. Біз қант диебеті бойынша орталықтың жетістеріне де тәнтіміз. Дің жасушаларын пайдаланып қант диабетін емдеу Астанадағы орталықтан бөлек, әлемнің еш жерінде кездескен емес», - деді Д. Хоу.