АҚШ Үкіметі Қазақстанның мемлекеттік қызметті реформалау саласындағы жетістігін қолдап, ол бойынша әріптестікті мақтан тұтады - К. Фэйрфакс

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың құрылтай конференциясында сөз сөйлеген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кеннет Фейрфакс осылай мәлім етті.
Елші сөз арасында жақында өз еліндегі мемлекеттік қызмет мәселесінде көшбасшы болып табылатын АҚШ персоналды басқару кеңсесі мен Қазақстанның Мемлекеттік істері агенттігінің меморандум жасасқанын тілге тиек ете келе, оның аясында бірқатар маңызды дүниелер қамтылатынына да тоқталып өтті.
«Бұндай ынтымақтастық меморандумы арқасында тәжірибе алмасулар Қазақстан үшін де, АҚШ үшін де аса маңызды. АҚШ Үкіметі Қазақстанның мемлекеттік қызметті өңірлік реформалау саласындағы жетістігі бойынша әріптестікті мақтан тұтады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі нығаюын жақтайды», - деді К. Фэйрфакс.