Ақсу ауданы әкімінің орынбасарын қылмыстық жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда - ІІМ

АСТАНА. Наурыздың 3і-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Кеше тәртіп сақшылары Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаевты ұстады. Қазір аталмыш азаматты қылмыстық жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, Б.Тынышбаев осы уақытта уақытша оқшаулау абақтысында жатыр. «Бұған қоса Ішкі істер министрлігінің жедел-тергеу тобының өкілдері бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларын жауапқа тарту мәселесін де қарастыруда. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер бойынша тергеу жұмыстары ерекше назарда», деді Қ.Жұманов.

Соңғы жаңалықтар