Ақсу ауданында «Жетісу» ТРК бағдарламасы таратылуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жуырда Алматы облыстық радио және телекоммуникация дирекциясы (АОРТД) Алматы облыстық әкімдігінің қолдауымен және облыстық «Жетісу» телерадиокомпаниясының инженерлік-техникалық құрамымен байланыста тестілік хабар тарату режимінде Ақсу ауданының жер аумағында «Жетісу» ТРК бағдарламаларын тарата бастады.
None
None

Қолда бар РТС арқылы қазірдің өзінде жаңалықтар, ойын-сауық, білім беру, мәдени телебағдарламалар көрермендер көзайымына айналды. Алматы облысындағы, әсіресе ауылдардағы ақпараттық кеңістікті кеңейту - АОРТД мамандары алдында тұрған алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі.

Бұның алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Наурыз айындағы су тасқыны жергілікті мәдениет үйінде орналасқан қызылағаштық ретрансляция стансасының (РТС) күрделі телевизиялық жабдықтарын істен шығарды. Маусымның 1-інен бастап бұл жерде «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналарының бағдарламалары таратыла бастады.

Соңғы жаңалықтар