Ақсу ферроқорытпа зауытында қуатты балқыту пеші қайта қалпына келтірілді

ПАВЛОДАР. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Ақсу феррокорытпа зауытындағы қуатты балқыту пештерінің бірі жұмысына кірісті.
None
None

Агрегаттың салтанатты түрде іске қосылуына аймақ басшысы Ерлан Арын да куә болды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Күрделі жөндеу кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы бойынша жүргізілді.

Жаңартылған № 61-ші пеш сапалы болат алу үшін металлургияда кәдеге жаратылатын хромдық қорытпаны балқытатын болады.

Бүгінде зауыт өнімінің 95 пайызы жақын және алыс шет елдерге жөнелтіледі. Е.Арынның айтуынша, өндіріс ошағының ең басты жетістігі - бұл әлемдік нарықта ақсулық ферроқорытпалардың жоғарғы сапасы мойындалғаны.

Соңғы жаңалықтар