Ақсу қаласында Театрлар фестивалі өтті - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысның Ақсу қаласында өткен «Мельпомена жанкүйерлері» бірінші фестиваліне мектептердің,
None
None

колледж бен демалыс орталықтарының жеті театр ұжымы қатысты, деп хабарлады қалалық мәдениет басқармасынан.

№1 мектептің жас әртістері үлкен махабаттың тарихын баяндайтын «Қыз Жібек» драмасынан үзінді қойды. Қазылар алқасы №2 мектептің өнер ұжымы сахналаған «Қошан мен Нартайлақтың қатысуы» атты қойылымды фестивальдің жаңалығы деп атады. Ж.Мұса атындағы колледждің өрендері «Қара қанатты ақ періште» атты қойылымдарын жасөспірімдердің проблемалары мен оларды шешудің жолдарына арнаса, Чеховтың «Мерейтойын» сахналаған Мәдениет сарайының «Өркен» жастар театры классикаға бет бұрған.

«Мысықтың үйі» ертегісін қойған қалалық Мәдениет сарайының «Вытворяшки» театр студиясы фестиваль қорытындысы бойынша «Үздік сахналық шешім» жүлдесімен атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар