Ақсу қаласының 50 жылдығына орай саябақтар, көшелер абаттандырылып, жаяусоқпақтар жөнделді

ВЛОДАР ОЛЫСЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Биылғы жылы өзінің 50 жылдығын атап өткен Ақсу қаласында гүлзарлар, көшелер мен аулалар көркейе түсуде.
None
None

Халықпен тоқсан сайынғы жүздесуінде Ақсу қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов жасалған жұмыстар жөнінде есеп беріп, қаланы абаттандыру жоспарын таныстырды.

Орталық саябақта 10 мың шаршы метрге тақтатастар төселді. Биылғы жазда гүлзарлар 510 шаршы метр алқапқа жайластырылды

Белсенді демалыспен айналысатындар үшін жасанды жабыны бар футбол алаңы және волейбол мен теннис алаңдары жасақталды. Балаларға ойын кешендері салынып, барлық жастағы адамдарға спорттық жаттығу құралдары орнатылды. Қалалық мәденет сарайының маңы, Балалар шығармашылығы үйінің алды абаттандырылып, шамдар, гүл егетін вазондар жасалды, отырғыштар қойылды. Көше бойлары асфальтталып, жаяусоқпақтар жөнге келтірілді. Қазақстан Тәуеслсіздігінің мерейтойын ақсулықтар жаңарып, жасанған жағдайда қарсы алмақ.

Соңғы жаңалықтар