Ақсу қаласының ардагерлері үйлерінде отырмайды - Павлодар облысы

Ересек қауымды 32 бастауыш ұйым біріктіріп, оның мүшелері қалада және аймақ ауылдарында өтетін барлық шараларға тұрақты түрде қатысып отырады. Өткен жылы олар Жеңіс күні, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Ақсу қаласының 50 жылдығын тойлау бойынша ұйымдастырушылар қатарында болды.
«Еңбек майданының қатысушыларына жәрдемақы тағайындау бойынша комиссия белсенді жұмыс істеді. Ақсақалдар мектептермен бірлесе отырып өздерінің жерлестері - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен интернационалист ауғандық жауынгерлер туралы құжаттарды жинаумен айналысты, оқушылар және студенттермен кездесті, спорттық шараларға қатысып, сол арқылы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттады», - деп атап өтті өзінің есебінде кеңестің төрағасы Залмұқан Арынов.
Жұмыс жоспарларын талқылап өткен соң, ардагерлер өздерінің «Даналық» клубының жұмысын ширатуға уағдаласты.
Қала әкімінің орынбасары Бегзия Ысқақова қалалықтардың ересек қауымының қоғамдағы достық пен келісімді нығайтуда, жастарға патриоттық тәрбие берудегі үлестерін жоғары бағалап, ақсақалдарға олардың сан қырлы қызметтері үшін ризашылығын білдірді.