11:14, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
Ақсу мектептерінің арасында өткізілген «Полицияның балғын көмекшісі» байқауының қорытындысы шығарылды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы Ақсу мектептерінің арасында «Полицияның балғын көмекшісі» байқауының қорытындысы шығарылды,
деп хабарлады қалалық ІІБ баспасөз қызметі. Оған қатысушылар қызықтырарлық түрде полицияның қызметі мен оның негіздерінен хабардар болды.
Жеті команда «саптық байқау», шеру әндерін орындау мен журналистік шеберліктен бақ сынады. Соңғы сайыста жеткіншектер қылмыс тақырыбында газетке мақала жазу керек болды.
Полиция капитаны Жанар Молдағалиеваның төрағалығындағы қазылар алқасы бірінші жалпы командалық орынды №1 мектептің командасына берді.
Тамаша үгіт бригадасын №4 мектеп көрсетті, үздік жас тілші №2 мектепте оқиды екен, ал саптық байқауды Ақсу гимназияшылары жетік меңгеріпті.