Ақсу ЖЭС жұмыс істей бастағаннан бері 500 млрд. кВс/сағат электр энергиясын шығарды

None
None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 6 шілде. ҚазАқпарат - Ақсу электр стансасындағы бірінші энергиялық блок жұмыс істей бастағаннан, яғни 1968 жылдың желтоқсанынан бері 500 млрд. кВ/сағат электр энергиясын шығарды,

деп хабарлады «Еуразиялық энергетикалық бірлестік» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

 Бұл көлем бүкіл елдің өнеркәсібі мен тұрмыстық тұтынушыларына алты жылға жеткілікті болушы еді.

Стансының еңбек ұжымын өндірістік жетістіктермен «ЕЭБ» АҚ-ның вице-президенті Татьяна Носачева құттықтап, «Бұл 500 млрд-тың артында стансаның көпмыңдық ұжымының жігерлі еңбегі тұр. Сіздер сенімділік пен электрмен жабдықтаудың сапасын, компанияның жоғары өндірістік көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін жұмысқа білімдеріңізді, тәжірибелеріңіз бен күштеріңізді салудасыз», - деп атап өтті.

Компания басшылығы мерейтойлық салтанаттың құрметті қонақтары - өндіріс ардагерлеріне ерекше алғысын білдірді.

Мерейтойлық киловаттарды энергетиктер Астана күніне сыйлығы ретінде атады.

Соңғы жаңалықтар
telegram