08:10, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
Ақсуда Жеңіс күніне арналған патриоттық әндер конкурсы өтті
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Ақсу қаласында Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған әндер конкурсы өтті,

деп хабарлады мәдениет бөлімінен.
Әскери-патриоттық және жауынгерлер әндер конкурсына оқушылар, студенттер мен жұмысшы жастар қатысты. Конкурстың бас жүлдесі «Қазақ елін» орындаған оқушы Айнұр Баяндинова иеленді. Жүлдегерлердің қатарында сондай-ақ Ақсудағы Балалар шығармашылығы үйінің тәрбиеленушісі Катя Михайлюк, Айнакөл ауылының тұрғыны Ақар Азамат бар. Конкурсқа қатысушылардың тағы бір бөлігі арнайы дипломдармен атап өтілді.