09:17, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Ақсудың жүз елуден астап жұмыссыз тұрғындары «Жол картасы» бойынша жаңа кәсіптерді игерді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ақсу қаласының 150-ден астам жұмыссыз тұрғындары «Жол картасы» бағдарламасы бойынша кәсіби білім алып шықты, деп хабарлады қаладағы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде.

Дайындық оқулары Ақсу және Павлодар қалаларының кәсіби лицейлері мен колледждерінде жүргізілді. Ақсулықтар тракторист, дәнекерші, электрогаз дәнекершісі, жүргізуші, медбике, құрылыс жұмыстарының жеке шеберлері мамандықтары бойынша білім алып, осы кәсіптерге ие болды.
Жаңа мамандықтары бойынша 139 адам жұмысқа орналасып үлгерген.