Ақсулық шенеунік жалға берілетін пәтерді 220 мыңға ұсынды

ПАВЛОДАР. 29 ақпан. ҚазАқпарат - 220 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Ақсу қалалық қаржы бөлімінің бас маманы ұсталды.
None
None

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша қаржы полициясының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұл ақша болашақта жекешелендіріп алу мақсатымен иесіз пәтерді жалға алу жөніндегі тиісті құжаттарды ресімдеу қызметі үшін ақы болатын. Параны беру кезінде делдал шенеуніктің әріптесі - Ақсу қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы болды. Өзінің делдалдық қызметін ол 80 мың теңгеге бағалаған.

Пара алу және делдалдық фактісі бойынша қаржы полициясы қылмыстық істер қозғады.

Соңғы жаңалықтар