Ақтан батыр ауылында мешіт ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кеше Қазалы ауданынд Ақтан батырдың 245 жылдығы қарсаңында батыр ауылында жаңа мешіт ашылды. Халық игілігі үшін осыған дейін жұмыс жасап келген көне мешіт 1924 жылы Әзілхан ишанның тапсырмасымен салынған болатын. Ал жаңа мешітті салуға мұрындық болған ел азаматы, кәсіпкер Мінажадин Өтеев.
None
None

Жаңа мешіттің ашылу салтанатында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін осы елді, осы жерді қорғаған Ақтандай қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз. Бүгінгі тойды өткізудегі басты мақсат та - батыр бабаларымызды еске алып, олардың өмірі мен ерлігін насихаттау», - деп батыр ауылындағы Әзілхан Ишанның есімін иеленген мешіттің халықтың рухани құндылығын нығайтуға қызмет етуіне тілектестігін білдірді. Ишан ұрпағы Сәлім Нарымбетов жомарт жан М.Өтеевке алғысын айтып, халықты бабалар тойымен құттықтады.

Сонымен қатар, бұл күні ауылдағы №190 мектеп жанынан өлкетану мұражайы ашылып, қонақтар мұражай ішімен танысты. Жиналған қауым арнайы жайылған мерекелік дастарқаннан дәм татып тарқасты.

Соңғы жаңалықтар