Ақтау базарларында денсаулыққа қауіпті ойыншықтар анықталды

АҚТАУ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтау базарларында сатылған денсаулыққа қауіпті ойыншықтар анықталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, техникалық реттеу және метрология комитеттерінің облыстық департаменттерімен бірлесіп Ақтау қаласында орналасқан сауда орындарындағы ойыншықтардың денсаулыққа қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңнамасының орындалуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында сауда орындарындағы ойыншықтар санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіндігі белгілі болды.

Атап айтқанда, сатылудағы ойыншықтарда дайындаушының атауы және оның тауар белгісі, бұйымның атауы, арналған мақсатының негізгі көрсеткіштері, қолданылуының шарттары, тауардың шыққан елі және таңбалаудың барлық белгілері, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтары жоқ екендігі анықталды.

Сонымен қатар, ойыншықтарды зертханалық зерттеуден өткізу барысында олардың құрамында балардың денсаулығына зиян келтіретін қауіпті химиялық заттардың - фенол мен формальдегидтің мөлшері 1,5-6 есеге дейін жоғары екендігі анықталды.

Тексеру қортындысымен кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 164-ші және 317-ші баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар